2026 жылдың 12 қарашасында «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Б. Мұратбаеваның ұйымдастыруымен 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының БЖД-31 О тобы студенттеріне «Өндірістік қауіпсіздікті техникалық реттеу» пәнінен ашық практикалық сабағы өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Технологиялық тұрба құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын техникалық талаптар». Сабақтың басты мақсаты — болашақ қауіпсіздік инженерлерінің өндірістік жағдаяттарда шұғыл, кәсіби шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және техникалық регламенттерді сақтау маңыздылығын бекіту болды.
Сабақ барысында білім алушылар екі командаға бөлініп, өз кәсіби ұстанымдарын көрсетті:
- «Risk Zero» тобы — өндірістегі апаттардың алдын алып, тәуекелдерді нөлге түсіруге бағытталған қауіпсіздік шараларын талдады;
- «Smart Inspect» тобы — құбырлардың тозуы, коррозиялық қауіптер және оқшаулағыш қабаттардың бүтіндігін анықтау бойынша ақылды диагностикалық шешімдерді ұсынды.
Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылып, өндірістегі реалияға негізделген кейс-стади (Case-study) тапсырмалары, интерактивті LED панель және білімді тексеруге арналған Kahoot платформасы кеңінен қолданылды.
Сабақ соңында келген қонақтар мен әріптестер арнайы QR-код арқылы электронды кері байланыс парағын толтырды.

