2026 жылдың 13-қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институты «Сапа апталығы- 2026» аясында «Ақиқат ізі: оқиға орнын қараудың имитациялық сабағы» тақырыбында 6В12301- Құқық қорғау қызметі БББ студенттерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған практикалық мастер-класс өткізілді. Мастер класс «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары Л.А.Климова, Г.С.Жансултанова, М.Д.Хасанованың бастамасымен ұйымдастырылған болатын.
Сабақтың негізгі мақсаты – қатысушыларға криминалистика саласының ерекшеліктерін таныстыру, оқиға орнын қараудың тәртібі мен әдістерін тәжірибе жүзінде меңгерту, сондай-ақ дәлелдемелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болды. Мастер-класс барысында арнайы ұйымдастырылған имитациялық оқиға орны ұсынылып, студенттер криминалистикалық маманның, тергеушінің рөлін атқарып, оқиға орнын қарау процесіне қатысты. Бұл тәжірибелік сабақ білім алушыларға криминалистика саласының жұмыс ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
«Ақиқат ізі» – әрбір іздің артында өзіндік тарихы мен ақиқаты бар екенін көрсететін тәжірибелік сабақ. Бұл мастер-класс білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.



