Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері DECENTRATHON 6.0 республикалық хакатонына қатысты. Білім беру бағдарламасының оқытушылары студенттерге жетекшілік етіп, ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Хакатон 2026 жылғы 30-31 қазанда Қазақстанның 19 қаласында, соның ішінде Орал қаласында бір мезгілде өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub және Blockchain & AI Technology Center ұйымдастырды.

Екі күн бойы студенттер нақты технологиялық міндеттерді шешіп, цифрлық шешімдер әзірледі және бағдарламалау, жасанды интеллект пен заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін тәжірибеде қолданды. Хакатонға қатысу олардың командалық жұмыс, жобалық ойлау және өз идеяларын таныстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

БҚИТУ студенттерінің DECENTRATHON 6.0 хакатонына қатысуы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дәріптеуге, дарынды жастарды қолдауға және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған «Digital Qazaqstan Day – 2026» тұжырымдамасының мақсаттарымен үндеседі.

Осындай іс-шаралар болашақ IT-мамандарға тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге, заманауи технологиялық бағыттармен танысуға және Қазақстанның цифрлық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Студенттерімізге жаңа идеялар, сәтті жобалар және кәсіби жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz