Құрметті университет түлектері!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарын жоғары оқу үлгерімімен аяқтаған түлектерге аудандық және ауылдық деңгейлердегі «Б» корпусының басшылық емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
Осы мүмкіндікті іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Eqyzmet.gov.kz порталында «Түлектерге арналған бос орындар» арнайы бөлімін іске қосты.
Аталған бөлім арқылы түлектер мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар туралы ақпаратпен танысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыра алады.
Бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат:
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacancies
Университет түлектерін аталған мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз!