2026 жылғы 17–19 қараша аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Салалық технологиялар институтының білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) сапары өтеді.

Сапар барысында сарапшылар білім беру бағдарламаларының АРТА/IAAR стандарттарына сәйкестігін бағалайды, растайтын құжаттарды зерттейді, Институттың білім беру ресурстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысады. Басшылықпен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер мен сұхбаттар өткізу жоспарланған.

Сыртқы бағалау білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытуға бағытталған.

1-Кластер (Аккредиттеу)

6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, 6В09103 Ветеринария, 6В07201 Мұнай-газ ісі, 6В07302 Құрылыс, 6В07102 Электрэнергетикасы.

2-Кластер (Бастапқы аккредиттеу)

6В09104 Ветеринария (бірлескен білім беру бағдарламасы), 6В07204 Мұнай-газ ісі (бірлескен білім беру бағдарламасы), 6В07106 Электрэнергетикасы (бірлескен білім беру бағдарламасы).

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz