2026 жылдың 5 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Психология және педагогика» кафедрасына қарасты «6В03101 – Психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері арасында «Ар кодексі-адамдықтың айнасы» атты тәрбиелік бағытта эдвайзерлік сағатты өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында адалдық, адамгершілік, жауапкершілік, сыйластық және әдептілік құндылықтарын қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер ар-ұят, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттер туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, студенттерге «Ар кодексі» қағидалары таныстырылып, күнделікті өмірде моральдық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және адал болуға деген қызығушылығын арттырды.

