2026 жылдың 2-қазанында Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының акт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараны «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының білім алушылары ұйымдастырды.
Кеш барысында студенттер күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылып, университет оқытушыларына арналған шынайы құттықтаулар жеткізілді.
Студенттер ұстаздарға арналған ән мен жыр, күй мен би номерлерін ұсынып, ұстаздардың адам өміріндегі маңызы жайында өз ойларымен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz