2026 жылдың 30 қыркүйегінде 6В09103 “Ветеринария” білім беру бағдарламасының Вет-41 О және Вет-42 О студенттері үшін ветеринария және тағам өнімдерінің технологиялары кафедрасының профессоры С.Ғ. Қанатбаев Теректі ауданы Шаған ауылдық округіне қарасты «Ақас» агрофирмасында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Алдымен студенттерге әртүрлі жарақат алып қалмау мақсатында жануарлармен жұмыс жасау кезінде жеке қауіпсіздік ережесі түсіндірілді. Сабақ өткізу барысында студенттерге ірі қара малынан бруцеллезге зерттеу мақсатында қандай әдіспен қан алынатынын және құтырық ауруына қарсы вакцинаны қалай егілетіні туралы түсіндіріліп айтылып және көрсетілді. «Ақас» агрофирмасының мал дәрігерімен және Шаған ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің мал дәрігерлерімен бірлесіп 210 бас етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды сиырларынан қан алынып және оларға құтырық ауруының алдын алу мақсатында вакцина егілді. Сонымен қатар, студенттерге ауыл шаруашылық жануарларын аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен уақытылы жүргізілетін диагностикалық шаралардың өте маңыздылығы туралы мәлімет берілді.


