6В07105 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Аман Аруна ТОП-50 кандидаттың қатарына еніп, ProductBee IT академиясының «Middle & Senior Product Manager (AI native)» бағдарламасы бойынша оқуға 50% грантқа ие болды. Бұл оқыту оған кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, алған білімдерін оқу барысында қолдануға және өнімдер мен жобаларды басқару саласында кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік береді.