2026 жылғы 29 қыркүйекте Мұнай-газ инженериясы кафедрасының бірінші курс білім алушылары үшін университетіміздің ақпараттық білім беру ресурстары орталығында танымдық сабақ-экскурсия ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, кітапхана қорымен таныстыру және қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу мен тиімді пайдалану қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында білім алушылар университет кітапханасының оқу залдарымен, кітап қорымен және электрондық ақпараттық ресурстарымен танысты. Оларға ғылыми әдебиеттерді іздеу, таңдау, каталогпен жұмыс жасау және өз мамандықтарына сәйкес қажетті ақпарат көздерін пайдалану жолдары түсіндірілді.

Аталған іс-шара студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттырып, кітапхана ресурстарын тиімді пайдалану және өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz