2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасының Арх12О тобының студенттері аға оқытушы Б.А. Кенжеғалиева, С.М. Мәдиева және А.С. Есімхановпен бірге С. Ғұмаров атындағы музейге жас суретші Айтасова Ләззат Бейбітқызының «Түстер сөйлейтін әлем» атты жұмыстар көрмесі мен шеберлік сабағына шақырылды. Бұл көрме С. Ғұмаровтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Суретші өз жұмыстарын көрсетіп, олардың орындалу кезеңдерін түсіндіріп қана қоймай, білім алушылардың өздеріне де осыған ұқсас туындыларды орындап көруге мүмкіндік берді.

Білім алушылар шебер С. Ғұмаровтың да төл туындыларын тамашалап, қылқалам шебері жұмыстарының тереңдігін көріп, сезіне алды.

Суретші мен білім алушылардың арасындағы бірлескен сұхбат өте сәтті өтті; студенттер кәсіби жұмыстарды орындаудың көптеген нәзік тұстарымен танысып, эстетикалық және әсемдік ұғымдарымен жанаса алды, қысқасы, бұл шеберлік сабағы жастарға Өнер әлемінің құпия пердесін ашуға мүмкіндік берді.

С. Ғұмаров атындағы музей әкімшілігіне шақыру үшін үлкен алғыс білдіреміз, алдағы уақытта бұдан да тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп үміттенеміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz