Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бес студенті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантының иегері атанды.

Грант иегерлері:

  1. Өсербаев Мейіржан Берікбайұлы – 6B07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасы;
  2. Отузбай Нұрқасым Бахтиярұлы – 6B07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасы;
  3. Таңатар Айдана Саматқызы – 6B07301 «Сәулет» білім беру бағдарламасы;
  4. Жауынбаева Мөлдірай Сеитбекқызы – 6B12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы;
  5. Өсербай Қуандық Жомартұлы – 6B12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда тұратын жастарға сапалы жоғары білім алуға тең мүмкіндік жасау, олардың кәсіби қалыптасуына және әлеуетін дамытуға қолдау көрсету.

Грант шартына сәйкес Қор әрбір білім алушының бір академиялық оқу жылындағы оқу ақысын 1 млн теңгеге дейін өтейді. Сонымен қатар студенттерге оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 мың теңге көлемінде стипендия төленеді.

2026 жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздегі 38 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында білім алу үшін 220 талапкерге грант тағайындады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде аталған Қордың гранты бойынша 2022 жылдан бері 40 студент білім алып келеді.

Грант иегерлерін құттықтаймыз! Студенттерімізге оқуда табыс, кәсіби ізденіс және жаңа жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz