Орал қаласындағы №53 ЖББМ жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында «11-сынып оқушысының кәсіби таңдауында ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ата-аналарға жасөспірімнің кәсіби қызығушылығы мен қабілетін ескерудің маңыздылығын түсіндіру, мамандық таңдауда балаға дұрыс қолдау көрсету жолдарын талқылау және жоғары білім алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат беру. Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекшісі Жанияров Қ.К. қатысып, ата-аналар алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде Жанияров Қ.К. қазіргі таңда еңбек нарығындағы өзгерістер мен жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты кәсіби бағдар берудің маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мамандық таңдауда оқушының жеке қызығушылығы, қабілеті, бейімі мен болашақтағы кәсіби мүмкіндіктерін ескеру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында ата-ананың баланың кәсіби таңдауындағы орны ерекше екені айтылды. Баланың орнына мамандық таңдау емес, керісінше оның қызығушылығын анықтап, дұрыс бағыт көрсету және өз таңдауын жасауына қолдау білдіру маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ ата-аналарға жоғары білім алу мүмкіндіктері, мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын таңдаудың негізгі критерийлері туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау және жоғары оқу орнына түсу мәселелері бойынша пікір алмасты. Жиын соңында ата-аналарға кәсіби бағдар беру жұмысының оқушының болашақтағы оқу және еңбек жолын қалыптастырудағы маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай кездесулер мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz