2026 жылғы 29 мамырда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде American Society for Microbiology (ASM) ұйымының қолдауымен «Антимикробтық резистенттілік: жаһандық сын-қатерлер және оларды шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар және студенттер қатысты. Іс-шара барысында антимикробтық резистенттіліктің өзекті мәселелері, микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің қалыптасу механизмдері, сондай-ақ оның алдын алу мен бақылаудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Қатысушылар антибиотиктерге төзімділікпен күресудің халықаралық тәжірибесін, ғылымдағы заманауи жетістіктерді және «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасы аясындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Семинар білім, ғылыми идеялар және кәсіби тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң болды.