2026 жылғы 28-сәуірде университетте «Білім алушылардың психологиялық әл-ауқатына әсер ететін заманауи қауіптер және олардың алдын алу» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинар БҚО Облыстық білім басқармасы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Психологиялық қолдау облыстық әдістемелік орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинарға педагогика және психология кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ облыс білім беру ұйымдарының мектеп психологтары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, мамандар арасында тәжірибе алмасу, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, сондай-ақ балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қазіргі заманның басты басымдығы ретінде насихаттау.

Семинар барысында кафедра оқытушылары теориялық баяндамалар жасаса, мектеп психологтері практикалық маңызы бар баяндамаларын ұсынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz