2026 жылғы 24 сәуірде Орал қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен AuylJas Quiz интеллектуалдық ойынына Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының 6В07102 – «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының білім алушылары Energy ZKITU командасы құрамында қатысты.
Аталған зияткерлік сайысқа өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінен құралған командалар қатысып, білім, логика және жылдам ойлау қабілеттері бойынша бақ сынасты.
ЭЛ-21О тобының студенттерінен құралған Energy ZKITU командасы сайыс барысында белсенділік танытып, жоғары ұйымдасқандық пен командалық үйлесімділіктің үлгісін көрсетті. Команда жетекшісі – Әбілғазиев Е.Н.
Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша команда жүлделі II орынды иеленіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Бұл жетістік студенттердің жоғары интеллектуалдық әлеуетін және университеттің білім беру сапасын айқындайды.

