Ғылым онкүндігі аясында 2026 жылғы 24 сәуірде Мұнай-газ инженериясы кафедрасында Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму және инновациялық технологияларды енгізу: практикалық міндеттер мен шешімдер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – мұнай-газ саласындағы экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болды.

Дөңгелек үстел жұмысына оқытушылар, ғалымдар және мұнай-газ саласының мамандары қатысты. Құттықтау сөзін Мұнай-газ инженериясы кафедрасының меңгерушісі сөйлеп, тұрақты дамудың, инновациялық технологияларды енгізудің және мұнай-газ секторының қазіргі даму жағдайындағы экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында мазмұнды және өзекті баяндамалар ұсынылды. Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің «Мұнай және газ» факультетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті Драбкома Татьяна Владимировна «Ағынды суларды тазарту үшін мұнай-газ-химия қалдықтары негізінде функционалды сорбциялық материалдарды синтездеу: инновациялық шешімдер және экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасап, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи әдістері мен өндірістің экологиялық тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.

«Әлмет мемлекеттік мұнай институты» ЖБОУ ВО өкілі Ситдикова Ирина Петровнаның баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Ол аймақтағы мұнай өнеркәсібінде заманауи экологиялық және өндірістік шешімдерді енгізудің практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің «Мұнай және газ» факультетінің «Биотехнология» кафедрасының доценті Шарифов Мансурбек Рахимберганович «Мұнай-газ кен орындарындағы денитрификациялаушы бактериялар» тақырыбында баяндама жасап, қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтудың биотехнологиялық тәсілдерін қарастырды.

ЗКИТУ Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы Бикетов Б.А. «Батыс Қазақстанның мұнай-газ секторындағы инновациялық технологиялар: міндеттері мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, жаңа технологияларды енгізудің өңірлік ерекшеліктері мен саланың даму болашағына назар аударды.

Іс-шараның қорытынды кезеңі ашық пікірталаспен жалғасты. Оның барысында қатысушылар инновацияларды енгізудегі практикалық кедергілерді, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін, сондай-ақ университетаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін шешудегі халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, алдағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайын екендіктерін білдірді.

Осындай іс-шараларды өткізу серіктестік байланыстарды нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке бағытталған заманауи ғылыми ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz