2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің базасында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Осы сайысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, салалық технологиялар институтының 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі ББ бағдарламасының білім алушылары Чайников Тимофей мен Спашев Армат олимпиадаға сәтті қатысып, жүлделі III орынға ие болды (жетекшісі ВжТҚ кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жумагалиев И.К.).
Білім алушыларымызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оқуда, ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейміз!

