2026 жылдың 15-сәуірінде қаржы және экономика кафедрасы 6В01702 – Шетел тілі: екі шет тілі, 6В01704 – Қазақ тілі мен әдебиеті және түрік тілі, 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01403 Музыкалық білім, 6В01601  Тарих, 6В01401 Дене шынықтыру және спорт, 6В01501 Информатика, 6В03101 – Психология, 6В12301 – Құқық қорғау қызметі, 6В03201 – Кітапхана ісі, 6В02301 – Аударма ісі білім беру бағдарламаларына «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнінен «Жеке кәсіпкерлік және стартап» тақырыбы бойынша практикаға бағытталған сабақ ұйымдастырды.

Практикалық сабаққа қонақ ретінде БҚО жұмыскер әйелдер кеңесінің  төрайымы Турсынова Ляна Алексеевна мен ЦентрКредитБанкі АҚ Орал қаласы филиалының директоры Михайлова Наталия Владимировна шақырылды. БҚО жұмыскер әйелдердің кеңесі өкілдері әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы рөлі, қазіргі мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

БҚО жұмыскер әйелдер кеңесінің төрайымы тәжірибелі кәсіпкер әйелдердің бизнес бастау жолдары, кездескен қиындықтары және жетістіктері туралы нақты мысалдар келтіріп, қатысушыларға пайдалы кеңестер берді. Қатысушылар тарапынан бизнес ашуға қатысты сұрақтар қойылып, қаржыландыру, маркетинг, клиент тарту сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты. Қатысушылар кәсіпкерлік туралы жаңа ақпарат алып, өз бизнесін бастауға деген қызығушылықтары артты, грант алу үшін қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді, бизнес-жоспар дайындау, арнайы оқудан өту, жобаны қорғау және қаражатты мақсатты пайдалану қажеттілігі айтылды. Бұдан бөлек, ЦентрКредитБанкі АҚ директоры екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары тарапынан әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған бағдарламалар, оқыту жобалары және жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы да ақпарат берді. Әйелдердің экономикалық белсенділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz