2026 жылдың 10 сәуірі күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбында БҚО, Орал қаласы полиция және заң басқармасының өкілдерімен студент жастарға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға білім алушылар мен профессор оқытушылар құрамы қатысты. Кездесуде Орал қаласы № 2 қалалық сотының судьясы Рахметова Жанаргул Жумаситовна, Орал қ. ПБ Абай Пб ҚҚб ЮПт УПИ полиция капитаны Нуркаятова Мулдир Кайратовна, Орал қ. ПБ Абай Пб КПб жедел уәкілі полиция лейтенанты Ерболұлы Мейірбек сөз сөйлеп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Олар азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырып, құқықбұзушылықтың алдын алу әркімнің жеке жауапкершілігі екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастарға құқықтық сауаттылықты арттырып, саналы әрі заңға бағынатын өмір салтын ұстану қажеттігін түсіндірді. Іс-шара барысында түрлі құқықбұзушылықтарға қатысты бейнероликтер көрсетілді. Білім алушылар іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.
Заң сақталған жерде әділдік пен тұрақтылық орнайды. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеуі тиіс. Әсіресе жастар үшін бұл маңызды, өйткені олардың тәртіпке бағынуы – қоғамның болашағын айқындайды.

