Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті XVII Республикалық Олимпиаданың жеңімпазы ретінде 2018 жылдың 25 қазанында экономикадан XVII Республикалық Олимпиада өткізеді және Сіздің ЖОО-ны қатысуға шақырады.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.

Олимпиада студенттердің ұлттық экономика және басқару саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу, экономикалық мамандықтардың беделін арттыру, студенттік жастардың шығармашылық бастамасы мен ғылыми белсенділігін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада жыл сайын 2 турда өткізіледі. Сайысқа қатысуға ЖОО-ның экономикалық мамандықтардың 3-4 курс студенттері шақырылады (оқу түрі-күндізгі). Қатысушылар командасы 5 студенттен және жетекшіден тұруы керек.

Скачать информационное письмо

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz