Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде 28-29 маусым күндері аралығында бітіруші студенттерге арналған соңғы қонырау кеші өтті.

Педагогика факультетінің деканы, профессор Б.С.Жұмақаева бітіруші студенттерге өзінің жүрекжарды лебізің білдіріп, сәт сапар тіледі. Факультетіміздің белсенді студенттері ректордың арнайы алғыс хатымен марапатталды. Жылдағы дәстүр бойынша бітірушілердің құрметіне соңғы қонырау соғылды.

Бітіруші студенттеріміз өздерін оқытқан ұстаздарына деген алғыстарын білдіріп, жырдан шашу шашты. Құттықтау мерекелік концертке жалғасты. Студенттер ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқыды.

4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан оқу ордасымен қоштасу кім-кімге де оңай соқпайды. Студенттік шақ – өмірдің алтын кезеңі. Енді біздің студенттерімізді алда жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бастамалар күтіп тұр.

Университет әкімшілігі бітіруші студенттерге ақжол тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz