Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен П.А. Столыпин атындағы Ульянов мемлекеттік аграрлық университеті арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Бірнеше жыл бойы БҚИТУ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары УлГАУ студенттері мен магистранттары үшін ветеринариялық пәндер бойынша сабақтар өткізеді. Өз кезегінде серіктес университет оқытушылары біздің білім алушыларға дәріс оқиды.
2025 жылғы 22 желтоқсанда ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Кейкиева К.К. УлГАУ студенттері үшін «Қабыну ағзаның микроорганизмдердің әрекеттеріне реакциясы ретінде» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс қызығушылық тудырды: студенттер белсенді сұрақтар қойып, Қазақстандағы студенттердің оқу ерекшеліктері мен өміріне қызығушылық танытты.

