Қоршаған ортаны таза ұстау, айналаны абаттандыру, көркейту- көгалдандырудың маңызы аса зор. Мұндай шаралардың маңыздылығын Елбасымыз да жиi айтып отырады. Сонымен бiрге Президентiмiздiң тапсырмасы бойынша елiмiзде “Жасыл ел” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру әрбiрiмiздiң мiндетiмiз және де парызымыз.
Осы мақсатта Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеттің тілдер және менеджмент факультеті студенттері және оқытушылары 14 сәуір күні өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілікте бекітілген қала көшелерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбіліктер ұйымдасқан түрде және жоғары көңіл күйде өтті.
Сенбілікке белсене қатысқан студенттерге және оқытушыларға үлкен алғыс айтамыз және барлық студенттерді алдағы сенбіліктерде атсалыса қатысуға шақырамыз!

