2025 жылғы 12-қарашасында «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасында 6В01501 – Информатика және 6В01401 – Дене шынықтыру білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арналған «Болашақ мұғалімнің цифрлық құзіреттілігі: тиімді құралдар мен қолдану жолдары» атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатында №45 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімдері Альмурзина Айымгүл Айбатыровна, Мукашева Маржан Жумагереевна және Дене мәдениеті және информатика  кафедрасының қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) Арыстанова Асель Бекбулатовна өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның мақсаты болашақ мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігін арттыру, заманауи білім беру үдерісінде тиімді цифрлық құралдарды пайдалану жолдарын көрсету болды.

Шара барысында онлайн сабақтар мен коммуникация (Google Meet, Zoom, Microsoft Teams), интерактивті тапсырмалар (Kahoot, Quizizz, LearningApps, Wordwall), Контент жасау (Canva, Genially, Powtoon), білімді бағалау (Google Forms, Plickers, Socrative), Бірлескен жұмыс (Padlet, Jamboard, Miro), оқу материалдарын сақтау және бөлісуді (Google Drive, OneDrive) ұйымдастыруға арналған платформалармен жұмыс жасау көрсетіліп,  заманауи білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігі – қазақстандық оқушылардың сапалы білім алып, заманауи қоғам талаптарына бейімделуінің басты кепілі екендігі атап өтілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz