2025 жылдың 11 қарашасы күні «Сапа апталығы – 2025 «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» сапа апталығы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы В.Е.Нурмуканбетова «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Арт-терапия әдістері: стрестен арылудың креативті тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру, Арт-терапия туралы қысқаша теориялық шолу, стресс пен арт-терапия арасындағы байланыс, топтық арт-терапиялық жаттығулар, рефлексия, пікір алмасу: студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, шығармашылық жұмыстың нәтижесін талқылады. Ашық сабақ мазмұндық, әдістемелік жағынан тиімді, практикалық бағыттылығы жоғары болды. Арт-терапия әдістері нақты және өмірмен байланысты түрде көрсетілді. Студенттердің белсенді қатысуы, креативті ойлауы мен өзіндік пікір білдіруі сабақтың табысты өткенін дәлелдейді.
