2025 жылдың 11 қарашасында “Сапа апталығы – 2025” әдістемелік апталығы аясында “Қаржы және экономика” кафедрасында «Бухгалтерлік есепті автоматтандыру: 1С, заманауи ERP-жүйелер» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс спикерлері: Хрысёв Дмитрий Николаевич, «TRISTAR» ЖШС директоры, Нурманова Айсулу Каирғалиевна, экономика ғылымдарының магистрі, «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
Іс-шара барысында студенттерге есепті автоматтандырудың заманауи тәсілдерін көрсететін презентациялық материалдар мен практикалық мысалдар ұсынылды.
Студенттер сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, бағдарламалық өнімдерді кәсіби қызметте қолдануға қатысты практикалық кеңестер алды.
Мастер-класс мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, студенттердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.

