2025 жылғы 30 қазанда Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Ғылыми мансапты ілгерілетуге арналған цифрлық технологиялар» тақырыбында мастер-класс өтті.

Мастер-классты Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушылары И.Б. Шынтемір мен А.М. Ғайнешова өткізді. Олар аспирантураға түсу процесінде цифрлық сервистерді қолдану бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында оқытушылар платформаның функционалдық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды электрондық форматта тапсыру алгоритмін көрсетті.

Мастер-класстың қатысушылары университеттің жас мамандары болып, олар ғылыми және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатын цифрлық платформа жұмысы туралы толық мағлұмат алды.

Қатысушылар алынған білімнің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларға болашақта да қатысуға қызығушылық танытты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz