2025 жылдың 30-қазанында «125 HIGH SCHOOL» мектебінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына ашық есік күні өтті. Шараға Орал қаласының жоғары оқу орындары қатысты. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті білім және менеджмент институтының кәсіби бағдар беру бөлімінің мамандары Р.С. Ислямов, Б.А. Медресов түлектерге институттың білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынып, оқушылардың ҰБТ бойынша сұрақтарына жауап берді.

