2025 жылдың 22 қазаны күні 6В04202 «Құқықтану» ББ ЮР-21,23О топтарына Қазақстан Республика күні мерекесіне арналған «25 қазан – Республика күні» атты тәрбие сағаты өтті.
Аталған шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Топтың эдвайзері аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі – Отеуова А.К. сөз алып ұлттық мерекенің шығу тарихына тоқталып,елдің тәуелсіздігі мен бірлігіне құрметпен қарау , Мемлекеттік мерекелердің мәніне, маңыздылығына аса назар аудару туралы айтып, мерекеге арналған қысқаша видео мен презентация көрсетілді.

