Бүгін университетіміздің қызметкерлері мен білім алушылары үшін маңызды іс-шара, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ПОҚ және Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшылығының арасында Құқық кафедрасының ұйымдастырумен кездесу өтті. 

Кездесу Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Шакешев Бекболат Темиржановичтің құттықтау сөзімен басталды.

Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Тасыбаева Алия Анесовна профессорлық-оқытушылар құрамына және білім алушыларға құқықтық тәртіп пен заң саласындағы ынтымақтастыққа деген қызығушылығы мен тілегі үшін алғысын білдірді. Департамент мүшелері 6В04202 Құқықтану  білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға әділет департаментіне қызметке кіру олардың болашақ кәсіби мансаптары үшін лайықты таңдау болатынын көрсете отырып, әділет департаментінде өндірістік практикадан өтуге шақырды.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің бастығы университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл келісім шарт Әділет департаментімен мен университет арасындағы болашақ құқық қорғау мамандарын оқыту және қолдау саласындағы серіктестіктің нығаюын білдірді.

Меморандум келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды көздейді:

– бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулер бойынша материалдарды жариялау және алмасу;

– симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, телекөпірлер және т. б. бірлесіп ұйымдастыру және өткізу.;

– студенттердің оқу-өндірістік тәжірибесі;

– оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп әзірлеу;

– университеттің білім беру бағдарламалары бойынша дәрістердің жекелеген курстарын оқу, қорытынды аттестаттауды өткізу үшін жоғары білікті мамандарды тарту.

– мекеме базасында практикаға бағдарланған сабақтар өткізу;

– білім алушылар мен магистранттардың кәсіптік практикадан, ғылыми тағылымдамадан өтуі;

– осы Меморандум шеңберіндегі  қызметімізді ақпарат құралдары арқылы  жұртшылықты хабардар ету.

Сонымен қатар, университет базасында бірлескен жұмыс және консультативтік топтарды, заң клиникасын құру болып табылады.

БҚИТУ құрылтайшысы Бозымова Айгуль Қазыбаевна – Әділет департаментімен университет арасындағы меморандум еліміздің өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың басталуын білдіретінін атап өтті.

Кездесудің сәтті аяқталуы екі жаққа да жағымды әсер қалдырды. Университет білім алушылары Әділет департаментінің қызметкерлерінің қолдауы мен қызығушылығын сезінді, ал Департамент өкілдері жастардың құқықтық сауаттылығы саласындағы жұмысқа деген ынтасы мен қызығушылығына тәнті болды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz