25.09.2025 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университеті Салалық технологиялар институтының Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 43 ғимаратында орналасқан студенттер жатақханасында қыркүйек айындағы эдвайзерлердің кезекшілігіне сай, Құқық кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Карагойшиев және Орал қаласы ПБ Зашаған ПБ-нің ЖПҚ бастығы Д.Ж.Тапалов жатахана студенттері арасында құқық бұзушылықтын алдын алу бағытында және жатақхана ережелерін сақтау жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында полиция капитаны Д.Ж.Тапалов жасы кәмелетке толмағандардың арасында болатын құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу барысы туралы мәліметтермен таныстырды.

Аға оқытушы Е.А.Карагойшиев студенттердің  әлеуметтік тұрмыстық жағдайымен танысып, жатақханадағы тәртіпті және тазалықты сақтау жөнінде ескертулер жасады.      

Студенттер кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтар қойып,  толық жауаптар алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz