Салалық технологиялар институтында шығыс және кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ол білім алушылар мен оқытушыларға арналған. Бұл бағдарлама біздің студенттерге бір академиялық кезең ішінде басқа университетте (отандық немесе шетелдік) оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық игерілген кредиттер мен алынған бағалар міндетті түрде қайта есептеледі. 2025-2026 оқу жылының осы күзгі семестрінде біздің институттың 20-дан астам білім алушылары РФ, Қырғызстан және Өзбекстанның серіктес жоғары оқу орындарында білім алуда.  Басқа ЖОО-лардың білім алушылары біздің жоо-да кредиттік академиялық ұтқырлық бойынша оқудан өтеді.

Биылғы оқу жылында біз институттың ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық байланыстарының географиясын кеңейттік. Біз серіктес ЖОО-ларымызға алғыс айтамыз және халықаралық кеңістікке кірігуді жалғастырамыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz