11 қаңтарда шет тілдері және аударма ісі кафедрасында ғылыми семинар өтті.

БҚИТУ-нің шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Ұ.Қ.Доукариева семинарды ашты. Конференция қатысушыларына қызықты әрі жемісті жұмыс тілеп, атқарған жұмыстары тәжірибеде сәтті қолдануына үмітін білдірді.

Ғылыми семинарда шаруашылық келісім-шарттары бойынша ғылыми-зерттеу тақырыбы  бойынша 1  аралық есеп, кешенді тақырыптары бойынша 10 аралық есеп,  магистранттардың кешенді тақырыптары бойынша 3 есеп, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемесі қаралды.

Баяндамалар мазмұнды презентациялармен сүйемелденді. Әр баяндамашыға сұрақтар қойылды және әділ пікірлер айтылды. Ғылыми семинар жоғары деңгейде өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz