2018 жылдың 9 қантар күні БҚИТУ педагогикалық факультетінде «Қаржы» кафедрасының ғылыми семинар отырысы өткізілді.
Семинарда «Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлік саласында инвестициялық жобаларды бағалау әдістемесі» шаруашылық келісімшарт тақырыбы бойынша э.ғ.к. Суханбердина Б.Б. екінші жылға есеп беріп, тақырып бойынша жасалған ағымдық жұмыстарға баяндама жасады.
Экономика магистрі, аға оқытушы Машанова С.А. кафедраның «Қазақстанның даму мақсатындағы стратегиялық жетістіктерінің қаржы экономикалық аспектілері» кешенді тақырыбы бойынша есеп берді.
Кафедраның Шет елдердегі ЖОО-серіктестерімен Халықаралық байланыс аясындағы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша э.ғ.к.,доцент Курманова Г.К. баяндама жасап, жарияланған мақалар мен жұмыстар бойынша есеп пен талдаулар жасады.
Семинар барысында 2 еркін тақырыпта аралық есептер және 2 аспиранттың(Машанова С.А., Айтмуканова Г.М.) ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен бағдарламалары тыңдалды.