2018 жылдың 8 қантар күні БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінде  экология және биотехнология кафедрасының ғылыми семинар отырысы оздырылды.  Семинар барысында  ғылыми жұмысы және халықаралық байланыстар  бойынша проректоры, профессор, ғылыми жоба жетекшісі В.А. Бурахта  2015-2017 жылдарына арналған ҚР ҒжБМ гранттық қаржыландыру жобасының  қорытынды есебімен таныстырды.

Шет елдердегі  ЖОО-серіктестерімен  Халықаралық байланыс аясында б.ғ.к., экология және биотехнология кафедрасының доценті А.К.Джубаялиева  ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар семинар барысында  5 еркін тақырыпта аралық және қорытынды есептер және 6 аспиранттың ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен бағдарламалары талқыланды.

Семинар нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша ғылыми мақалаларды Thomson Reuters, Scopus халықаралық сандық жүйелік базасы, РФ ЖАК және ҚР БжҒМ Комитетімен ұсынылған басылымдарға жолдау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz