2025 жылдың 24 ақпанында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушылары А.Б. Кайранбаева мен А.М. Ғайнешова «Web Soft Qazaqstan» ЖШС филиалында 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында білім алушыларға «Web Soft Qazaqstan» ЖШС-ның жұмысы таныстырылып, ақпараттық технологиялар мен веб-дамыту саласындағы инновациялық жетістіктер көрсетілді. Білім алушылар білім беру процесінде қолданылатын қазіргі заманғы технологиялармен, сондай-ақ мамандықты практикалық игеру үшін арналған зертханалар мен инфрақұрылыммен танысты. Экскурсия білім алушыларға болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, оқытушылар мен сала мамандарына сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz