2024 жылғы 25 желтоқсанда «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары үшін «Тайм – менеджмент: жеке тиімділікті басқару» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті  психолог практик: Науанова Альфия Елтайқызы жүргізді. Аталған тренингтің мақсаты жұмыс уақытын тиімді пайдалану; жұмыста жеке және корпоративтік тиімділікті арттыру; уақытты жоғалтпауға мүмкіндік беретін технологияларды игеру, сондай-ақ оның мақсатсыз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау болып табылады.

Тренинг қатысушылардың күнделікті жұмысында кездесетін практикалық кейстермен жұмыс форматында өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар жұмыстағы: техникалық, сыртқы және психологиялық кедергілерді анықтауға мүмкіндік беретін «Уақытты талдаудың үш деңгейлі рәсімі» техникасын орындады. Тренинг барысында оқытушылар тайм-менеджменттің тиімді техникаларымен, сондай-ақ өз қызметінің құрылымын құру құралдарымен танысты. Тренинг қорытындысы бойынша оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz