Тарих және ӘГП кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.С. Боранбаева ұлттық  сананы  жаңғырту аясында «Тәуелсіздік құрбандарына тағзым» атты кездесу кешін өткізді. Тарих мамандығының 1- 4 курс студенттерімен болған кездесуге «Қорғаймын деп қазақты» кітабының авторы А. Шахин және 1941 жылы Жалпақталда құрылған антикеңестік «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымының мүшесі Молдағали Сатқалиевтың қызы Нұржиян Сатқалиқызы шақырылды.

Тарихи тағылымы мол шараға шақырылған қонақтар антикеңестік ұйымның құрылу тарихы, қызметі туралы және қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ұйым мүшелері 14 боздақтың тағдырын айтып, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz