Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл процестің негізгі аспектілерінің бірі алаяқтық схемалар санының өсуімен қатар жүретін цифрлық технологиялардың қарқынды таралуы жағдайында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Осыған байланысты экономика мен қаржы негіздерін білу, сондай-ақ базалық цифрлық дағдыларды меңгеру әрбір қазақстандық үшін өте маңызды.

Президент Тоқаев «Amanat» партиясының бастамасымен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті.

«Қарызымыз қоғам» – бұл жай ғана білім беру жобасы емес, алаяқтық пен қаржылық тұзақтарға төтеп бере алатын қаржылық сауатты қоғам құруға жасалған маңызды қадам.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 25-29 қараша аралығында студенттер үшін «Жеке қаржыны басқару» оқыту курсы өтті. Курсты қаржы сарапшылары Динара Суюншкалиева мен Мансия Турдалиева оқыды. Оқу барысында студенттер жеке қаржыны басқару бойынша білім алды, бюджетті ұтымды жоспарлаудың, несиелер мен инвестицияларды басқарудың негізгі принциптерін үйренді.

Студенттерге қаржылық сауаттылық негіздерін үйрету-жас ұрпақты өз қаржысын тиімді басқаруға дайындауға бағытталған маңызды бастама.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz