Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогикалық факультетінің «Тарих және ӘГП» кафедрасының т.ғ.к., профессор Д.Д.Сулейменованың ұйымдастыруымен 1 курс тарих, қазақ тілі, информатика мамандықтарына Рухани жаңғыру аясында: Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Егемендік-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім» атты тарихи-танымдық ашық сабағы өткізілді. Тарихи-танымдық ашық сабақтың барысында Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өткені мен бүгінгі тарихы айтылды. Елбасының өмірдерегі мен қызметін, қазақ халқының басынан кешкен маңызды оқиғалары жөнінде баяндалды.
Танымдық сабаққа Облыстық ішкі саясат басқармасы, Жас Отан жастар қанаты, Мәдениет басқармасынан, «Жайық Пресс» ЖШС, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, БҚО ардагерлер Кеңесінің төрағасы М.Мырзағалиев, және БҚИТУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы пед. колледж оқытушылары қатысты. Сабақ барысында студенттерге «Білгенге маржан» атты танымдық сайыс арқылы сабақ бекітілді.


