2024 жылғы 31 қазанда 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ білім алушылары үшін «BW Energy Services Kazakhstan LLP» компаниясының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы Раян Әзілхан Бауыржанұлы «Жүйеге қысыммен сынақ жүргізу алдындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Өз дәрісінде өндіріс маманы білім алушыларға өндірістегі Жүйеге қысыммен сынақ жүргізу алдындағы қауіпсіздік шаралары, атап айтқанда, мұнай газ кен орындарындағы құбырлардағы қысыммен жұмыс жасаған кездегі барлық қауіпсіздік шараларын таныстырды, олардың істен шыққан кезде қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияны туралы айтып берді. Дәріскер сонымен қатар жалпы зиянды заттардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру мүмкіндігі туралы түсіндірді.

Дәріс нәтижесінде білім алушылар өндіріс орындарындағы қауіпсіздік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде практикалық дағдыларды білудің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Қонақтардың дәрісінен алынған білім адамның өмірін қорғауға көмектеседі деп сенеміз!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.