2017 жылдың 26 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеттің «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-3 курс студенттеріне SES сарапшысы доктор Юрген Фидлер «Психология в педагогике» тақырыбында курс өткізді. Юрген Фидлер мырзаның мектептерде ғана емес, сонымен қатар ел ішінде және шетелде жұмыс тәжірибесі бар.

Юрген Фидлер ЖОО-ның штаттан тыс оқытушысы, доцент, студенттерге дәріс оқиды.

Юрген Фидлер мырза педагогикалық факультет оқытушыларына инновациялық технологиямен оқытудың жолдары аясында бірнеше семинар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыс етілді.

2017 жылдың 3 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеті Филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Saluto genese for teachers» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге БҚИТУ педагогикалық факультет оқытушылары және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру саласында жаңа технологияны қолдануда тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелде 3 баяндама оқылды.

Педагогикалық факультет деканы Б.С.Жұмақаева өз кезегінде білім беру жүйесінде педагогикадағы психологияның алатын рөлін айтып өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz