2024 ж. 26-28 ақпанда БҚИТУ СТИ «Сәулет және құрылыс» кафедрасында аға оқытушылар М.Г. Сарсенгалиева, ө.ғ.м. Ж.С. Кенжина және т.ғ.м. Т.Г. Гизатулланың жетекшілігімен 6В07301-«Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орны ішіндегі пәндік студенттік олимпиада өтті.

Олимпиада «Сәулеттік жобалау I-II», «Сәулеттік ортаны ландшафттық ұйымдастыру», «Сәулет композициясының негіздері» пәндері бойынша 2 турда өткізілді. Олимпиадаға АРХ-31О, АРХ-32О топтарының 3 курс студенттері қатысты.

Тапсырма – графика және жылыстату техникасы бойынша А1 форматында клаузура түрінде аз қабатты қоғамдық ғимараттың (Бизнес-орталық, Оқушылар үйі, Тіл мектебі, Өнер мектебі, Демалыс орталығы, Гүл орталығы, Фитнес-орталық) нобай-жобасын дайындау.

Олимпиада нәтижелері бойынша келесі орындар бөлінді:

АРХ-31О тобы:

I-орын: Тайшурин Диас Арманович

II-орын: Қоспаев Нұрқанат Сайлауұлы

III-орын: Мұқамбетжанов Ерасыл Миржанұлы

АРХ-32О тобы:

I-орын: Дудыкина Татьяна Алексеевна

II-орын: Ханыкина Виоллета Сергеевна

III-орын: Рашидова Милана Раминовна

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.