2024 жылдың 27 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде БҚО Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімнің өкілдері «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – зияткерлік меншік құқығын қорғау саласын кеңінен насихаттау, сондай-ақ студенттерге зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытындағы заңнамаларды түсіндіру. Шарада қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
