6В07104 – Технологиялық машиналар және жабдықтар білім беру бағдарламасы шеңберінде 2023 жылдың 07 желтоқсанда көлік және технология кафедрасында «Fluor Kazakhstan Inc» ЖШС мұнай және газ құбырларын салу бөлімінде жабдықтарды режимдік реттеу бойынша шақырылған инженер Тимур Амангелдиевич Хусаиновпен «Мұнай-газ кәсіпшілік жабдықтары» пәні бойынша қонақ дәріс өткізілді.
Тимур Амангелдиевич өз тәжірибесімен бөлісті, сондай – ақ ол осы жылы Атырау қаласындағы «Fluor Kazakhstan Inc» американдық компаниясы құрамындағы Тенгизшевройл – Сағалық қысымды басқару/Болашақ кеңейту жобасы (ПУУД/ПБР) ірі жобасын аяқтаған Kazakh Projects Joint Venture жобаларын іске асыру бойынша жұмыс істеген ауқымды жоба туралы айтты.
Қонақ дәрісі білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алып, шақырылған қонақпен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Дәріс соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.