2017 жылдың 3 наурызы күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда автономияларының 100 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібек оқулары – 2017» атты VIII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика факультеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, профессор Д.Д.Сүлейменова мен «тарих» мамандығының 2-курс студенттері Кашапова Айкөркем мен Жастлек Надия қатысты.

Конференцияға Өзбекстан мемлекетінің Ташкент Ислам университеті, Навои мемлекеттік педагогикалық институты, Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан Республикасы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.,), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  (Алматы қ.,), Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.,), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қ.,) ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Конференция жұмысының барысында Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызы, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастары, тұжырымдары зерделенді. Конференция соңында баяндамашыларға сертификаттар табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz