2023 жылдың 20-24 қараша аралығында Н.П. Огарева атындағы Ұлттық зерттеу Мордовия мемлекеттік университеті ұйымдастырған 6В11301 «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару» БББ бойынша Бүкілресейлік студенттік олимпиаданың III туры (халықаралық қатысумен) Саранск қаласында өткізіліп жатыр. Конкурстық міндеттер мен шығармашылық практикалық жаттығулар әртүрлі пәндердің теориялық және практикалық курстарына негізделген және қазылар алқасының мүшесі ретінде көлік және технология кафедрасының аға оқытушысы Нургалиев Ленур Максутович тағайындалды.

Олимпиадаға Ресей мен Қазақстанның 12 жоғары оқу орнынан 16 команда қатысады. БҚИТУ білім алушыларынан сәттілік тілейміз және жеңістер күтеміз!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.