17.11.2023 жылы “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы 6В07102 – Электр энергетикасы, 6В07105 – Автоматтандыру және басқару, 6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламаларының білім алушыларын «Студенттер күні» құттықтады.
Іс-шара кафедраның аға эдвайзері, аға оқытушы Н.Г. Буранова және кафедраның барлық эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараның мақсаты білім алушыларды мерекемен құттықтап қана қоймай, сонымен қатар 3 БББ білім алушыларды бір үлкен отбасы ретінде біріктіру. Барлық курстардың, 1-4 курстар білім алушылары үшін достығы бірлескен ортақ мереке қалыптастыру.
“Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасының оқытушылары фуршет ұйымдастырды және іс-шараны ұйымдастырушы сыйлықтармен марапатталатын қызықты тапсырмалар дайындады. Білім алушылар тапсырмаларға белсенді қатысты, осындай назарға бөлінгеніне қуана таң қалып, сөз сұрап, олар үшін ұйымдастырылған мерекеге алғыстарын білдірді.
Білім алушылар бір дастарханнан дәм алып, достық қарым-қатынас жасасып, жақсы көңіл-күймен кетті.


