Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «Кәсіпорын кафедра филиалын құру туралы» шартқа сәйкес Орал трансформатор зауытында (ОТЗ) 3 курс білім алушыларға ЭЛ-32, ЭЛ-31, ЭЛ-33 топтарының «Электр энергетикасы» БББ бойынша «Электрлік жарықтандыру жабдығы» пәнінен сабақтар өткізілді.
Қауымдастырылған профессор, т.ғ.к., Л.А. Садықова мен аға оқытушы Б. А. Саргужиеваның жетекшілігімен білім алушылар өндірістік орындарында, цехтардағы жарық – шамдарды есептеп, өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Орал трансформатор зауытының кәсіпорнындағы жарықтандыру түрлерін анықтап, кейін университетте жарық ағынын пайдалану коэффициенті бойынша есептеулер жүргізілді, атап өтсек цехтардың жалпы біркелкі жарықтандырылуы, жарық ағыны мен жарық көздерінің қуат есептеулері, нормаланған жарықтандыруға таңдау жасалды, төбелер мен қабырғалардың шағылысу, пайдалану мәндері мен коэффициенттері, және де бөлменің индексі табылды.
Білім алушылар қызығушылықпен өлшеулер жүргізді, және де зауытта инженер қызметін атқарып жүрген университетіміздің түлектеріне өз сұрақтарын қойды. Сабақтар пайдалы әрі қызықты өтті.

